Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметі хабары бойынша, неке құрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылдан (6,6 миллионнан) 2021 жылға (8,2 миллионға) дейін өскен. "2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың 60,9 пайызы некеде болған, осылайша некеде тұрған азаматтардың саны 8,2 млн адамға жетті. Оның ішінде 9 пайызы – қайта неке құрғандар. Жалпы халықтың 28 пайызы – ешқашан үйленбеген, 5,3 пайызы – жесір, ал қалған 5,8 пайызы – ажырасқандар", – делінген хабарламада. Сондай-ақ сарапшылар көрсеткіштерге сәйкес, қай елді мекендер қазақстандықтар үшін көші-қонға қолайлы екенін айтты. "Ішкі көші-қон көлемі 2009 жылы 2,3 млн адамнан 2021 жылы 2,6 млн адамға дейін ұлғайды. Қазақстандықтар Алматы қаласына (357,9 мың адам), Алматы облысына (286,1 мың адам) және Астана қаласына (283,5 мың адам) көп қоныс аударған. Қызылорда және Атырау облыстарына халықтың ең аз саны – тиісінше 72,9 мың және 72,5 мың адам көшіп барған", – деп жазылған Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында.