Қазақстанда несие мөлшерлемесі күрт өсті

Қазақстанда тамыз айында қарапайым азаматтар үшін несие мөлшерлемелері айтарлықтай өскен және орташа есеппен 20,2 пайызды құрап отыр. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш. 2022 жылы Қазақстанда ұлттық валютадағы несиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,2 пайыздан 18,3 пайыз аралығында құбылған еді. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелік ететін елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болған. Дегенмен 2023 жылы нарық бойынша пайыздық мөлшерлемелер одан бетер өскен. Ұлттық банк ресми сайтының мәліметінше, тамыз айында банктердің жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берген несиесінің орташа мөлшерлемесі 20,2 пайызды құраған.Бұл 2016 жылмен салыстырар болсақ, ең жоғары көрсеткіш. Шілдеде небәрі 16,8 пайызды құраған ол, бір айда 3,4 пайыздық тармаққа өскен. Ұлттық банктің хабарлауынша, Қазақстандағы несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі Ұлттық банк белгілеген базалық мөлшерлемеге байланысты. Ол соңғы үш жылда тұрақты түрде өсіп келе жатқан еді, тек бір ай бұрын соңғы жылдарда алғаш рет – 16,75 пайыздан 16,5 пайызға төмендеген. Теорияға сәйкес, базалық мөлшерлеменің төмендеуі несиелердің құнына да әсер етуі керек. Бұл теңгедегі депозиттерге де байланысты болуға тиіс. Алайда қазақстандық екінші деңгейлі банктер әзірге бұл көрсеткіштердің төмендеуіне қатысты әрекет етіп үлгермеген көрінеді. Сондай-ақ Ұлттық банк ресми сайтының ақпаратынша, тамыз айында депозиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің көрсеткіші өзгеріссіз қалды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді