Қазақстанда оқушылардың 60%-дан көбі сауатсыз - Дүниежүзілік банк

Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік мектептерінде оқитын балалардың 64,2%-ы функционалдық сауатсыз деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды."Қазақстан: инклюзивті және төзімді өсімге қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыны күшейту" ДБ жаңа есебінде банк сарапшылары Қазақстандағы білім сапасы туралы айтты. "НЗМ оқушыларының функционалдық сауатсыздық деңгейі (алты пайыз) экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы орташа көрсеткіштен (22,6 пайыз) айтарлықтай төмен. Ал Қазақстанның мемлекеттік мектептеріндегі балалардың 64,2 пайызы – функционалдық сауатсыз. НЗМ-де оқушыларды қабылдау прогрессивті емес, өйткені олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарапайым мектептердегі балаларға қарағанда жақсы", – делінген ДБ есебінде. Ұсынылған есеп жүйе әділ болуы үшін жаңадан енгізілген қаржыландыру формуласына әділеттілік компонентін қосу қажет екенін көрсетті. Дүниежүзілік банктің мәлімдеуінше, бұл жағдайы аса жоғары емес топтағы оқушыларды, қосымша ресурстар мен педагогикалық қолдауды қажет ететіндерді оқытуды қаржылай қолдау үшін керек. 2000-2018 жылдары Қазақстанның білім беру шығындары ЖІӨ-нің 2,3-3,9 пайызына жеткен. Бұл табыс деңгейі орташадан жоғары елдерге қарағанда төмен. 2018 жылы Қазақстан Назарбаев зияткерлік мектептеріне (НЗМ) төрт есе көп жұмсаған. Ал олар барлық орта мектеп оқушыларының 0,4 пайызына ғана тең. “Қазіргі уақытта оқушылардың шамамен үштен екісі қазіргі әлемде сәтті жұмыс істеуге дайын емес. Атырауда оқушылар НЗМ-дағы құрдастарынан орта есеппен төрт жылға артта қалып отыр”, – делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты