Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады

Қазақстан халқының саны бүгінде 19,9 млн құрайды. Осылайша, елімізде туу көрсеткіштері тұрақты оң динамиканы көрсетіп, соңғы 10 жылда (2012-2021 жылдар) орта есеппен 2%-ға артқан. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Әркен Өтенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Табиғи өсуге әсер ететін тағы бір көрсеткіш – өмір сүру ұзақтығының артуы. Мысалы, егер 2013 жылы өмір сүру ұзақтығы 70,6 жас болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74,4 жасқа жетті. «Жалпы, Қазақстан халқының демографиялық құрылымы әлі де салыстырмалы түрде жас. Тұрғындардың он жылдық кезеңдегі орташа жасы небәрі алты айға - 31,6-дан 32,1 жасқа өсті. 2021 жылғы әлемдегі жағдай бойынша орташа жас 30 жасты құрайды», - деп атап өтті Әркен Өтенов. Спикердің пікірінше, әлемдік және отандық сарапшылардың болжамдарын талдай отырып, 2050 жылға қарай Қазақстанның қолайлы демографиялық құрылымды сақтап қалуға барлық мүмкіндігі бар. Туудың жоғары деңгейі халықтың өсуіне ықпал етіп, еңбекке қабілетті адамдардың үлесі басым болып қалады. «Оңтайлы шешім тұрғысында, Қазақстан «демографиялық дивидендке» немесе «демографиялық бонусқа» ие болып, жас және белсенді тұрғындардан экономикалық пайда ала алады», - деді Агенттік төрағасының орынбасары. Қорытындылай келе, спикер талдау мен зерттеулерге негізделген бірқатар ұсыныстарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың алдында тұрған әлеуметтік сипаттағы міндеттер жайлы да айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді