Қазақстанда оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері өндіріледі

Қазақстанда оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері өндіріледі. Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан-Корей бизнесі форумында айтылды. Инвестиция көлемі 200 млн доллар болатын Kia зауыты келер жылы іске қосылады. Айта кетейік, компания өз тарихында алғаш рет Оңтүстік Кореядан тыс аумақта зауыт салуға ақша салып отыр. Форумда тараптар тағы қандай келісімдерге келді? Толығырақ алдағы сюжетте.Бүгінгі Қазақстан-Корей бизнес форуымының маңызы зор. Себебі жиында тараптар тағы бірқатар мәселелерде серіктестік танытуға ниетті. Соның бірі -жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп саласы. Өйткені біз Оңтүстік Кореяға шикізат пен материал жеткізетін сенімді серіктес бола аламыз деді,- мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Мұнай-газ саласына Оңтүстік Корея технологияларын толыққанды трансферт жасау, сондай-ақ заманауи құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндірісін жолға қою біз үшін маңызды. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі мұнай-газ кен орындарында өндірісті кеңейтуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылып жатқанын ескерсек, мұның өзектілігі арта түседі. Мемлекет басшысының пікірінше, автомобиль құрастыру саласындағы өзара тиімді өнеркәсіптік кооперацияны өрістетуге мол мүмкіндік бар. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Келесі жылы толық циклді KIA зауыты іске қосылмақ. Аталған жобаға 200 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылды. Бұл ретте компанияның алғаш рет Оңтүстік Кореядан тысқары жердегі зауыт құрылысына қаржы салып отырғанын және ол үшін біздің елімізді таңдағанын атап өткен жөн. Келесі жылы елімізде нyundai сантафе көлігінің бөлшектерін өндіру ісі де жолға қойылады. Бекнұр НЕСІПБАЕВ, "ASTANA MOTORS" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:Қазіргі таңда біз цехтар салып жатырмыз. Сол жерде біз хюндай портер комерциалық автокөліктің шанақты дәнекерлеу және бояу ыдысымен шығарамыз деп тұрмыз. Хюнда мотор компанияның осы бизнес форумда бүгін кездесіп сол алдымыздағы мақсаттардың бәрін талқыладық. Жәнеде сол екі зауытымыз хюнда автокөліктерін шығаратын зауытымыз әріқарай дамиды деп біз сенімдіміз. Президент «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы артып келе жатқанын айтты. Корей тарапы да Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Инвестиция құюға ниетті. Ким Сон ДЖУ, "BNK CAPITAL" БАС ДИРЕКТОРЫ:Қазақстан экономикасын дамытатын қаржы компаниясы боламыз. Сондай-ақ, біз Қазақстан нарығына шығатын корей компаниялары үшін көпір қызметін атқарамыз. BNK Bank қазақстандық кәсіпорындар мен азаматтар үшін пайдалы қаржы өнімдерін ұсынуға ғана емес, сонымен қатар халықтың сеніміне ие болу үшін қаржы компаниясы ретінде өзінің әлеуметтік жауапкершілігін орындауға ұмтылатын болады. Форумда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның кореялық серіктестерімен жасанды интеллект технологиясын дамыту, дата-орталықтар салу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді