Қазақстанда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар саны 1 613 адамға артады - Әлихан Смайылов

Еліміздің төтенше жағдай қызметінде штат саны артады. Өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейіп жатыр. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгінде адами факторлармен қатар, техногендік сипаттағы оқиғаларға байланысты қауіпсіздік мәселесі мен төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазір елімізде су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ жаз мезгілі де жақындап келеді, яғни өрт қаупі де арта түседі. Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкіністері мыңдаған адамның өмірін қиып, көпшілігі зардап шегіп, баспанасыз қалды. Бұл жағдай әр қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын, ал Түркия және Сирия халқына осынау қиын-қыстау кезеңде ауызбіршілік пен сабыр тілеймін. Сонымен қатар осындай қиын сәтте бауырлас түрік халқына қол ұшын созып, аса қауіпті жағдайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық құтқарушыларға ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл оқиғалардың барлығы бізді әртүрлі жағдайларға дайын болу үшін жедел әрекет ету күштерін ұлғайтып, оларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр» деп жазды Премьер-Министр Facebook парақшасында. Осыған байланысты ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылып отыр. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам. Республика бойынша ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында үш әскери бөлімі бар. Батыс аймақта көлемді құтқару құрылымдары жоқ. «Бұдан басқа, ТЖМ қызметтерінің штат саны, атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейді. Жалпы ТЖМ қатары 1 613 адаммен толықты. Осы шаралардың барлығы төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету деңгейін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін, елдің өрт қауіпсіздігін, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен селден қорғау құрылыстарының толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді. Үкімет осы бағыттағы жұмысын жалғастырады. Біз жедел қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыру, құтқарушылардың еңбекақысын көтеру жөнінде шараларды одан әрі де қабылдаймыз. Әлемдегі тосын оқиғалар адамдардың қауіпсіздігі бәрінен де жоғары екенін көрсетіп отыр», - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғасырға татитын ғұмыр: Бибігүл Төлегенова мерейтойын дүркіретіп өткізді (ФОТО, ВИДЕО)
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?