Қазақстанда өткен тәулікте 64 адам коронавирусқа шалдықты.Денсаулық сақтау министрлігінің 6 сәуірдегі мәліметінше, қазіргі таңда 1854 адам коронавирус инфекциясынан (–1 681+ және 173 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 173 пациент стационарда, 1 681 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ-ге шалдыққандар арасында 5 адамның жағдайы ауыр.