Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.Ақмола облысында – 3 учаске: "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 232-260 км, Қостанай обл. шек.-Сұрган – 28 км. "Жезқазған-Петропавловск" 537-552 км Бұзылық а.-Сұрған а.– 15 км. "Жақсы-Есіл-Бұзылық" 70-82 км, Ақсай а.-Бұзылық а. – 12 км. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді. (Қостанай облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты) Ақтөбе облысында – 2 учаске: Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 97-185 км, Қандыағаш қ.-Шұбар а. – 88 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. (бұрқасын, шектеулі көрініс) "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 89-234 км, Т.Жургенов а.-Қостанай обл. шек. – 145 км. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді. (Қостанай облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты)