Қазақстанда шегірткеден бургер жасалады

Шегірткеден гамбургер жасалады. Қазақстандық эколог зиянкес жәндікті фастфудқа қосып жеуді ұсынды. Осылайша егіс алқабында қаптаған шегірткеден құтыламыз дейді. Еліміз бургер жеуден әлемде алтыншы орында тұрғанын ескерсек, бұл жаңалық біраз адамды аң-таң қалдырғаны анық. Енді жиі сырттан тамақтанатын тұрғындар қайтпек? Әріптесім Аружан Задабек тез дайындалатын тағамды өзі әзірлеп, сатуға шығарды. Жұрт алды ма, көрейік.Қазақстандықтар бургер тұтыну бойынша Орталық Азияда көш бастайды. Ал әлемдік рейтингте Испания, Италия, Румыния, Польша және Португалиядан кейін алтыншы орында тұр. Бұл ел тұрғындарының фастфудқа сұранысының жоғары екенін көрсетеді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Аптасына бір рет точно қолданамын. Балалар қазір фаст-фудтан басқа тамақты аса ішпейді. - Күнде жеймін. - Бургер, пицца күнделікті жеймін. Тез дайындалады, қолжетімді. Тұрғындар бургерді, көбінесе, кешкі ас кезінде тұтынады. Әсіресе сағат 7-ден кейін фастфуд сататын орындарда ұзын сонар кезек басталады. Диетологтар мұнын денсаулық үшін өте қауіпті екенін айтты. Өйткені, бургердің ішінде майдың мөлшері көп. Бұл қандағы холестериннің көбеюіне әкеледі. Гастрит, колит аурулары пайда болып, соңы өлімге алып келуі мүмкін. Марал АЛМАҒАНБЕТОВА, ДИЕТОЛОГ: Ағзамызда ішектеріміздегі микрофлоралар бұзылады. Яғни, зиянды бактериялар көбейіп кетеді. Іштің үрленуіне, тамақтың қортылмауына, өттің нашарлауына алып келеді. Тұрғындар бургерден бөлек, көше бойында сатылатын зиянды тағамдарға да құмар. Оған өзімнің де көзім жетті. Тез дайындалатын тамақ әзірлеп базарға барып едім, бірден өтіп кетті. Ешкім сапасын сұрап бас ауыртпады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Міне, халық алып шыққан барлық тағамды талап алып қойды. Бір 20 минуттың ішінде 3 мың теңге табыс таптым. Соған қарағанда маған саудаға қарай ойысу керек сияқты. Адамның астың сапасына, тазалығына көп көңіл бөлуі керектігі жиі айтылады. Десе де, көпшілік оны ескермейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 проценті – сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдайды. Мұндай тамақтарда денсаулыққа тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, біртіндеп істен шығарады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
Бүгін қай өңірлерде қар жауады - синоптиктер болжамы
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты