2023 жылдың 21 сәуірінен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі №217 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында суға батқан мүлікті аластау ережелері күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.Қағидалардың мақсаты - суға батқан мүлікті оның меншік иесінің не Қазақстан Республикасы теңіз порттары әкімшілігінің жою тәртібін белгілеу жолымен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Суға батқан мүлікті аластау тәртібі: - қауіпті айқындауды, - кеме тіркелген мемлекеттің уәкілетті органын және батып кеткен кеменің меншік иесін хабардар етуді, - батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді,- батып кеткен мүлікті жою мерзімін белгілеуді қамтиды. "Батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттамада батып кеткен мүлікті жою тәсілі мен құралдарының сипаттамасы, іс-әрекеттердің реттілігі және оларды жүргізу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қамтылады"-дейді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.