Қазақстанда темекі бағасы күрт өсті

Қазақстанда бір жылдың ішінде темекі 19,7 пайызға қымбаттаған. Келер жылы оның бағасы тағы өсуін жалғастырады, себебі қаңтардан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы көтеріледі. EnergyProm порталы мәліметіне сүйенсек, биыл қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда 15 млрд темекі және т.б. темекі өнімдері өндірілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен небәрі 0,1 пайызға төмен. Бұл ретте отандық компаниялар темекі мен папиросқа деген сұраныстың тек 45 пайызын қамтамасыз еткен – қалғаны импорт есебінен сатылған. Бұл ретте елімізде қарашада темекі құны 19,7 пайызға жоғарылады. Өңірлер бойынша темекі өнімдерінің бағасы Қостанай облысында (27,6 пайызға) ең көп артқаны байқалған. Одан соң Батыс Қазақстан (25,7 пайызға) мен Солтүстік Қазақстан (24,4 пайызға) облыстарында баға өскені анықталған. Ал Алматы облысында (16,3 пайызға) бұл көрсеткіш, керісінше, әлдеқайда төмен екені хабарланды. Астанада (21,7 пайызға), Шымкентте (19,4 пайызға) және Алматыда да (18 пайызға) темекі бағасы көтерілген. Осы орайда еліміздің барлық өңірі бойынша темекінің орташа құнының өсуі Қазақстандағы жалпы инфляция деңгейінен (10,3 пайызға) жоғары болғаны анықталды. Айта кетейік, темекі өнімдері тек инфляция деңгейінің артуынан қымбаттамайды. Бөлшек тауарлардың ең төменгі бағасының да тұрақты өсуі маңызды рөл атқарады. Мысалы, 2023 жылы 1 шілдеден бастап бір қорап темекінің құны – 60 теңгеге, яғни ең төменгі бағасы 710 теңгеге дейін өскен. Ал 2024 жылы 1 қаңтардан бастап – 770 теңгеге дейін өсуі ықтимал. Сондықтан Қазақстанда келесі жылы да темекі өнімдері қымбаттауы мүмкін. Сондай-ақ темекі өнімдері мен темекі түтінінің әсеріне қатысты жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың жартысынан көбі (55,5 пайызы) темекі өнімдеріне салынатын салық мөлшерін көтеру шешімімен келіседі. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
«Барселона» – Испания суперкубогының 15 дүркін иегері
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
Париж Олимпиадасында жүлде алған түрік мергені сұхбат үшін қомақты сома сұрады
«Қайрат Нұртас қызғанбай ма?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы жұртты ойландырып қойды
Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды