Трансұлттық қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды. Оның екеуі -шетел азаматы, біреуі- қазақстандық. Олар өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығарумен айналысқан. Жедел уәкілдер қылмысты анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Өткен жылдың қазан айында, сондай-ақ биыл наурызда прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды. Қоймаларды тінту барысында синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықтар тәркіленді. Сонымен қатар әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электронды таразылар, Калашников автоматының патрондары табылды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.Бақытжан ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Биылғы наурызда прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.