Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану деңгейі 24 пайызға төмендеді

Елде соңғы 5 жылда аурушаңдық 24 %-ға төмендеді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Спикердің сөзінше, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 1,5 есе төмендеді. Сондай-ақ, балалардың аурушаңдығы 27 пайызға азайды. «Елімізде туберкулезді анықтау және диагностикалау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы ұсынымдарына сәйкес тексерудің барлық диагностикалық әдістері енгізілген. ПТР диагностикасы құрылды, ол туберкулездің бар-жоғын гендік деңгейде 2 сағат ішінде анықтауға және алғашқы күннен бастап емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры. Айуынша,тәуекел деңгейі жоғары топтағы тұрғындарды скринингтік тексерулер тәуекелдерді азайтуға көмектеседі, ересектер флюорографиядан, ал балалар мен жасөспірімдер туберкулездің алдын алуға бағытталған диагностикасынан өтеді. Амбулаторлық және стационарлық емдеуге қатысты барлық медициналық мекемелер тиімді емдеу үшін туберкулезге қарсы препараттардың қажетті кешенімен толық қамтамасыз етілген. Сезімтал туберкулезді емдеу тиімділігі 88,2%, дәріге төзімді туберкулезді емдеудің тиімділігі 80,2% құрады. Пациенттерге ыңғайлы болу үшін амбулаторлық емдеу олардың тұрғылықты жеріне жақын орналасқан медициналық мекемелерде жүзеге асырылады. «Мәселен, бүгінгі таңда 7750 науқас амбулаторлық ем алады, оның 1,9 пайызы үйде, 2,6 пайызы мобильді бригадада, 42,4 пайызы смартфон арқылы бейнебақылауда. Емдеу мониторингін күн сайын фтизиатр дәрігерлер, медбикелер және осыған жауаптылар қадағалайды. Елімізде жергілікті атқарушы органдардың туберкулезбен ауыратындарға ай сайын әлеуметтік қолдау көрсетуі өте маңызды. Есепті кезеңде туберкулезбен ауыратындардың 97%-ына 1971,2 млн теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді»,- дейді ол. Сонымен қатар ол бүгін, 24 ақпан – туберкулезге қарсы күрес айлығы басталғанын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкімет: Петропавлда балабақша салуға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Жәнібек? WBC президенті әлемдегі ең мықты боксшыларды атады
«Жек көремін». Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновты айыптады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды