Қазақстанда Bed tax деп аталатын туристер салығын алып тастау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Қазақстан бойынша осы туристік алым енгізілген сәттен бастап 500 млн теңге жиналған. "Біз Bed tax салығын жою шешімін қабылдадық. Ол отандық бизнес үшін де, келуші шетелдік туристер үшін де белгілі бір қолайсыздықтар туғызады. Bed tax-тың идеясы дұрыс болған. Оның кемшілігі – ақша жергілікті бюджетте қалды. Олар орталық бір қорға түссе, онда оның пайдасы біздің еліміздің туризм әлеуетін жарнамалауға жұмсауға болатын еді", - деп түсіндірді вице-министр.