Қазақстанда тұтынушылық несие арзандауы мүмкін

Депутаттар тұтынушылық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді ұсынды.Мәжіліс отырысында депутат Олжас Құспеков Қазақстандағы тұтыну несиелері мен олардың жоғары мөлшерлемесі туралы мәселені көтерді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы Мәдина Әбілқасымова алдағы уақытта мөлшерлеме төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. - Депутаттар тұтынушылық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді ұсынды. Қазіргі таңда мөлшерлеме деңгейі уәкілетті органның, яғни Агенттіктің нормативтік қаулысымен белгіленеді. Бүгінде банктер мен микроқаржы ұйымдарының тұтынушылық несиелері бойынша мөлшерлеме - 56 пайыз, шағын несие бойынша жылдық мөлшерлеме шамамен 311 пайыз, ал тиімді мөлшерлеме - 1300 пайыз, - деді бүгін мәжіліс депутаты Олжас Құспеков. Ол жылдық тиімді мөлшерлемені төмендету қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтатынын айтты. - Депутаттар пікірін айтып, бұл мәселе бойынша ортақ шешімге келді. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, бірлескен өкімі арқылы олардың мөлшерлемесі бойынша тұтынушылық несиелер стандартын белгілеу - банк мөлшерлемелерін 56 пайыздан 42 пайызға төмендету ұсынылды. Ал МҚҰ мөлшерлемесін 56 пайыздан 50 пайызға дейін төмендету ұсынылып отыр. Бұл ұсынысты үкімет пысықтап жатыр, - деді депутат. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы Мәдина Әбілқасымова да мөлшерлемені төмендету керек деген пікірде. - Біз бұл мәселені жұмыс тобында талқыладық және әрине, банктік несиелер мен микрокредиттер олар үшін жылдық тиімді мөлшерлемені төмендету қажет. Заң жобасы қабылданғаннан кейін біз, агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп осындай шешім шығарамыз, - деп жауап берді агенттік басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкермен кездесті
ІІМ: Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұсталды
Президент «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңға қол қойды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды