"Қазақстанда ұн мен нан неге қымбат": Сауда және интеграция вице-министрі сұраққа жауап бере алмады

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанда ұн бағасының не себепті қымбаттап кеткендігін түсіндіре алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Сенатттың жалпы отырысынан соң министр орынбасары Қайрат Төребаев журналистердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілінің Өзбекстан мен Қазақстанда ұн мен нан өнімдерінің бағасы көрші елмен салыстырғанда қымбат. Осының себебін түсіндіріп беруді сұрады. Алайда вице-министр бұл сұраққа жауап бере алмады. Оның айтуынша, бұл – ішкі сауда мәселесі. “Сіз ішкі саудаға қатысты сұрақ қойып тұрсыз. Біздің ел нарықтық экономиканы ұстанады, ұнның барлық экспорттаушы-өндірушілері өнімді экспорттау немесе елдің ішінде сату туралы шешімді өздігінен қабылдайды. Сұрағыңызға жазбаша жауап береміз”, – деді вице-министр сенат кулуарында өткен брифингте. Қайрат Төребаев еліміздің экспортқа шығаратын 47%-дан астам бидайына қарамастан, Өзбекстан мемлекетімен салыстырғанда нан өнімдерінің бағасы не себепті 100 теңгеге қымбат екендігін де айта алмады. “Бұл жерде электр энергиясы, салық және өзге де шығындар бар, әуелі соларды есептеу керек. Бұл жерде Өзбек наубайханалары мен Қазақстандық наубайханаларының шығын көлемін қарастыру қажет. Екіншіден, өнімді салыстыру керек. Қазақстандағы нан сапасы мен Өзбекстандағы нанның сапасы қандай? Сондықтан бұл жерде мәселе өте күрделі. Бізге нақты қай жерлерде нан бағасы қанша екендігі туралы нақты статистиканы көрсетсеңіздер, біз салыстырып көреміз”, – деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
35 жастағы жігітке тұрмысқа шыққан 9 жасар қыз елдің жағасын ұстатты
Елімізде дарынды балаларға арналған алғашқы ұлттық мектеп ашылады
Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасына қатысты мәлімдеме жасады
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
СҚО-да спорт кешені бірнеше минут ішінде түгі қалмай жанып кетті
Жыл басынан бері 6 жасөспірім есірткі жарнамасын таратқан
Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? ҚМДБ жауап берді
Қарағандыда балабақшадан 82 бала эвакуацияланды
Бектенов техникалық мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін айтты
Ақмолада Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды