Қазақстанда ұрық хирургиясы іске асырыла бастады

Қазақстанда ұрық хирургиясы іске асырыла бастады

Қазақстандық дәрігерлер алғаш рет балалардың мүгедек боп тууын азайту мақсатында құрсақішілік дамудағы ақауларын түзете бастады. Ұрық оталары әлі дүниеге келмеген нәрестенің денсаулығы мен өмірі туралы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін жағдайларда жасалады. Ұрық хирургиясы – медицинаның Қазақстанда қолға алынып жатқан мүлдем жаңа бағыты. Жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты.Бүгін Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында ұзақ жылдар бойы ұрық оталарын табысты жүзеге асырып келе жатқан Ресейдің жетекші "Ана мен бала" медициналық орталығының хирургі М. А. Курцер мен Наталья Владимировна Косовцованың, Екатеринбург қаласындағы ана мен нәрестені қорғау ҒЗИ хирургі Андрей Евгеньевич Бугеренконың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы жатырішілік патологияны түзету бойынша практикалық шеберлік сағаты өтті. "Денсаулық сақтау министрлігі балалардың мүгедек болып тууын төмендетуді басты міндет деп санайды. Бұл үшін ұрық хирургиясы әлем бойынша ең маңызды құралдардың бірі болып есептеледі. Біз кейінгі 30 жылдың ішінде ұрық оталары саласы бойынша ең озық әлемдік тәжірибелерді талдадық. Бұл білімдердің барлығы Қазақстанда алғаш рет әзірленген ұрық хирургиясының стандарттарына негіз болды. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының (Алматы) және UMC (Астана) дәрігерлерінің бригадалары Қазақстанда және шетелде ұрық хирургиясы бойынша ұзақ мерзімді күрделі теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Сондықтан қазақстандық денсаулық сақтау саласы үшін бұл аса маңызды күн", - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Қазақстанда ұрық хирургиясын іске қосуға дайындықты Денсаулық сақтау министрлігі екі жыл бойы жүргізді. Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының және Астанадағы UMC КҚ-ның дәрігерлер тобы анықталды. "Алматы қаласының әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына еліміздің ірі мегаполисінің тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және балалардың мүгедек болып тууын төмендетуге ықпал ететін жаңа озық медициналық тәжірибелерді енгізуге бағытталған жан-жақты қолдау көрсетеді", - деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары Әсем Нүсіпова. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен AYALA қайырымдылық қоры дәрігерлердің ұрық хирургиясының озық шетелдік емханаларда жеке оқытуды ұйымдастырып, 10-нан астам практикалық шеберлік сыныптары мен семинарларға қатысуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар қор өткен жылы дәрігерлердің Испанияда өткен дүниежүзілік ұрық хирургиясы конгресіне сапарын ұйымдастырды. "Қазақстанда балалардың мүгедек болып тууын төмендету жөніндегі – AYALA қоры үшін басты міндет. Біз Денсаулық сақтау министрлігіне елімізде ұрық хирургиясын іске қолсуға және қалыптастыруға көмектескенімізге қуаныштымыз. 29,3 миллион теңгеден астам сомаға Перинатология және балалар хирургиясы орталығындағы ұрық хирургиясы бөлімшесін арнайы медициналық құралдармен – лазермен және фетоскоптармен жабдықтауға көмектескен құрметті серіктесіміз GASENERGY компаниясына алғыс айтамын", – деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдана Сүлейменова. Ұрық медицинасы (ұрық хирургиясы) – бұл медицинаның құрсақтағы ұрықты емдейтін жоғары мамандандырылған саласы. Ұрық хирургиясы аз инвазивті процедуралар арқылы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын түзетуге және емдеуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген. "Бүгін біздің орталық үшін ғана емес, жалпы ел үшін де айтулы күн. Қазақстанда алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласының әкімдігі мен ҚДБ, сондай-ақ AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен біз ұрық хирургиясының беташар жобасын енгізуді бастаймыз. Ұрық хирургиясы - бұл ұрықтың өмірі мен денсаулығына туылғанға дейін араласуға мүмкіндік беретін медицинаның инновациялық саласы. Бұл әйел адамға дүниеге дені сау баланы әкеліп, бақытты ана болуға мүмкіндік береді. Біздің мамандар тобы Израиль, Ресей, Испания, Беларусь және Португалия сияқты елдерде білім алып, жаңа технологияларды дайындау және игеру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Жатырішілік ақауларды емдеу бойынша жылына шамамен 150-ге жуық ота жасалады деп жоспарлап отырмыз. Ұрық хирургиясы жобасы біздің орталықтың дамуындағы және еліміздің аналары мен балаларына медициналық көмектің сапасын жақсартудағы жаңа кезең болады", – дейді Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнәр Нұрланова. Жақын арада AYALA қорының қолдауымен Астанада UMC базасында медицина ғылымдарының докторы және International Fetal Medicine and Surgery Society (IFMSS) мүшесі Наталья Владимировна Косовцованың қатысуымен ұрық хирургиясы бойынша алғашқы практикалық шеберлік сағаты өткізіледі. Қазіргі уақытта аз инвазивті эндоскопиялық (фетоскопиялық) оталар ашық хирургияны алмастыруда, өйткені олар ана мен ұрықтың ағзасы үшін қауіпсіз. Әлемнің көптеген елдерінде құрсақішілік емдеуге жататын ұрық ауруларының аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді, жаңа технологиялар әзірленуде және жетілдірілуде, туа біткен жүрек ақаулары, диафрагма грыжалары және ОЖЖ ауруларын құрсақта жатқан кезінде емдеу шаралары белсенді енгізіліп, бүгінгі таңда үлкен жетістіктерге жетуде.

Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған
Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған
  • qaz365.kz
  Астанада тағы бір көлік өртенді
Астанада тағы бір көлік өртенді
  • aikyn
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
  • baq.kz
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
  • aqshamnews
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
  • aqshamnews
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
  • aqshamnews
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
  • aqshamnews
Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты
Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты
  • aqshamnews
Танымал әннің тарихы таспаланды
Танымал әннің тарихы таспаланды
  • aqshamnews
Сот жүйесіне өзгерістер енеді
Сот жүйесіне өзгерістер енеді
  • aqshamnews
Түзеу мекемесінде КВН өтті
Түзеу мекемесінде КВН өтті
  • aqshamnews
Мемлекеттік сыйақы әлеуметтік осал топтарға ғана төлене ме?
Мемлекеттік сыйақы әлеуметтік осал топтарға ғана төлене ме?
  • aqshamnews
19 өңірде ауа райы қолайсыз
19 өңірде ауа райы қолайсыз
  • aqshamnews
Алматыда қар жауып жатыр: қаладағы жағдай қандай?
Алматыда қар жауып жатыр: қаладағы жағдай қандай?
  • Massaget
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
  • el.kz
Ер адам қызғаныштан бұрынғы әйелін ұрып, шашын қырып тастаған
Ер адам қызғаныштан бұрынғы әйелін ұрып, шашын қырып тастаған
  • Massaget
Солтүстік Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Солтүстік Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
  • arbatmedia.kz
«Зиялы жан еді...»: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
«Зиялы жан еді...»: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
  • sn.kz
Алматыда 565 бірлік техника және 1069 жұмысшы жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Алматыда 565 бірлік техника және 1069 жұмысшы жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
  • almaty_tv
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
  • baq.kz
Астанада шенеунікке 260 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Астанада шенеунікке 260 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
  • el.kz
  Астанада тағы бір көлік өртенді
Астанада тағы бір көлік өртенді
  • aikyn
Ақтауда ММА файтері өлі табылды: туыстары сараптама қорытындысын шығарды: 22 қараша 2024, 10:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтауда ММА файтері өлі табылды: туыстары сараптама қорытындысын шығарды: 22 қараша 2024, 10:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
  • Massaget
Кубок Лиги. Новый трофей в копилку столицы
Кубок Лиги. Новый трофей в копилку столицы
  • Smi24
«Ордабасының» легионері ҚПЛ жайлы: стадиондары ескі және бұған неге ешкімнің көңіл бөлмейтінін түсінбеймін
«Ордабасының» легионері ҚПЛ жайлы: стадиондары ескі және бұған неге ешкімнің көңіл бөлмейтінін түсінбеймін
  • aladop.kz
Қазақстан спортшылары Еуропа кубогінің алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Қазақстан спортшылары Еуропа кубогінің алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
  • bassport.kz
2025 жылы Қытайда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтуі мүмкін
2025 жылы Қытайда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтуі мүмкін
  • arbatmedia.kz
Қазақстан қауіпсіздік шараларын күшейтуде: Премьер-Министр жедел кеңес өткізді
Қазақстан қауіпсіздік шараларын күшейтуде: Премьер-Министр жедел кеңес өткізді
  • qaz365.kz
Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған
Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған
  • qaz365.kz
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
  • almaty_tv
Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
  • turkystan
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Сенат Ұлттық қордан екі триллион теңге алуды мақұлдады: 21 қараша 2024, 14:57 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сенат Ұлттық қордан екі триллион теңге алуды мақұлдады: 21 қараша 2024, 14:57 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды: 18 қараша 2024, 16:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды: 18 қараша 2024, 16:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда аспанда жанып бара жатқан нысан видеоға түсіп қалды
Қазақстанда аспанда жанып бара жатқан нысан видеоға түсіп қалды
  • TengriNews
Екі қызымды міндетті түрде таза қазақ мектебіне беремін – Баян Алагөзова
Екі қызымды міндетті түрде таза қазақ мектебіне беремін – Баян Алагөзова
  • sn.kz
«Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы кинофестивальде көрсетіледі
«Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы кинофестивальде көрсетіледі
  • el.kz
Ақтауда республикалық домбырашылар байқауы өтеді
Ақтауда республикалық домбырашылар байқауы өтеді
  • el.kz
«5 млн және одан жоғары»: Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілер кімдер?
«5 млн және одан жоғары»: Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілер кімдер?
  • sn.kz
Жалған хабарлама: Полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты
Жалған хабарлама: Полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты
  • Otyrar
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды (ВИДЕО)
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды (ВИДЕО)
  • halyq-uni
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
  • qaz365.kz
Жалпыға бірдей декларациядан кімдер босатылады?
Жалпыға бірдей декларациядан кімдер босатылады?
  • Otyrar