Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу тағы да қымбаттай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Бір айда 27 маусым мен 26 шілдені салыстырғанда, бағалар 4,2%-ға өсті. Бағаның өсуі 13 қаланың 11-де тіркелген, онда тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына мониторинг жүргізілді. Қостанай, Петропавлда 10%; Алматы, Шымкент 7%; Ақтауда 5%; Ақтөбеде 4%; Астана, Қарағанды, Орал қалаларында 3%; Павлодарда, Көкшетаудa 2%-ға артты. Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеді. Сұраныс пен жалдау бағасының өсуі шілде айының ортасында басталды. 27 шілдеге ҚР қалаларында тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы төмендегідей: бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге; екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге; үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.