Қазақстанда вейп саудасына қашан тыйым салынады?

Атырауда мектеп оқушылары арасында вейп шегетіндер тізімі жасалмайды. Бір реттік электронды темекіге әуесқойлар наркологиялық диспансердің есебінде де жоқ. Есесіне елітуі жағынан есірткінің сәл алдында тұрған вейп кез-келген азық-түлік дүкенінде қолжетімді бағада ашық сатылып жатыр. Бұған жұрттың көзқарасы қандай? Тілшілеріміз тақырыпты тарқатады. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Көшеде, көлікте, кеңседе. Кез-келген жерде қолындағы аппаратын құшырлана тартып, буын бұрқыратып бара жатқандарды көргенде қазір ешкім аса таңқалмайтын болды. Бір қорқыныштысы,вейп жасөспірімдердің ермегіне айналып барады. Сарапшылардың статистисы бойынша, кәмелетке толмағандардың 10 пайызы электронды темекі шегеді. Былтыр қалада 7-сынып оқушыларының емін-еркін вейп тартып жүрген видеосы тараған болатын. Кейін ата-аналарына айыппұл салынып, өзге мектептерге ескерту жасалды. Жұмыс сонымен тәмам болғанға ұқсайды. Білім беру басқармасы мамандарының мәліметінше, одан кейін бір де бір оқушы анықталмаған. Дулат ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Біздерде ондай тізім жоқ. Себебі нақты фактілер анықталған жоқ. Веп , темекі шегу бойынша ұсталған балалар.Біздер қарай алмаймыз ғой, сумкаларында осындай нәрселердің темекілердің болмауын, ең бірінші кезекте ата-аналарға ескертіліп айтылады бірінші кезекте. Тізімде болмаса да, тартатындар жоқ емес. Мысалы, мектеп жасындағы мына екі бала саябақта аса сақтықпен бір реттік шылым шегіп отыр. Айналасына ұрлана қарап қояды. Ұстаз да, ата-ана да хабарсыз болуы мүмкін. Себебі вейп кез-келген азық-түлік дүкенінде сатылады. Бар жоғы 3-6 мың теңге аралығында ғана. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Өзіңізге алайын деп пе едіңіз? - Ия.Кімдер алады біздің жасымыздағылар алмағанда? - Ия, жастар алады көбінесе. 20-25 аралығында. - Мектеп оқушылары ала ма? - Мектеп оқушылары алмайды. Оқушыларға сатып көрмедім. Мыналар зарядкаға қойылмайды, мыналарды зарядкаға қояды да, шеге бересіз. Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Биыл алғашқы жарты жылдықта елімізге 6 мың тонна темекі өнімдері импортталған. Бұл – былтырмен салыстырғанда 33,6 пайызға, яғни бір мың жарым тонна артық. Еркін, вейпке қатысты оралдықтар не дейді? Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Иә, Базаргүл, бізде де дәл сіз айтқандай жағдай. Өйткені өкпеге күтім керек, күтім үшін түтін керек деушілердің қанша екенін ешкім білмейді. Себебі электронды темекіге тәуелділерді түгендеуге оқу орындары асығар емес. Электронды темекіге әуестердің дені - жастар. Өйткені әдемі безендірілген вейп сәнді тауар секілді, құтысында қанша қуаты, қашанға дейін қолдануға болатыны көрсетіледі. Осыған қызыққан жастар оны гаджет ретінде бір-біріне сыйға тартады. Майра МЕДЕТОВА, НАРКОЛОГ ДӘРІГЕР: Электронды темекіден түтін шықпағанымен, буының құрамында улы химиялық заттар өте көп. Құрамындағы никотин де темекіден аз болса да, зияны орасан. Адамның тыныс жолдары бітеліп, тіпті обыр секілді онкологиялық ауруға шалдығуы мүмкін. Тіпті кәдімгі шылымқорлар секілді біртіндеп тәуелді бола бастайды. Дәрігерлердің айтуынша, электронды шылымдағы никотин миға 8 секундта тарайды. Тамырды тарылтатын никотин жүрекке жүк түсіреді. Никотин тіпті жасушаларды өзгертіп, келер ұрпаққа да әсер етеді. Сондықтан темекінің барлық түрінен мүлдем бас тарту керек, дейді мамандар. Әйгерім БАЗАРБАЙ, ПСИХОЛОГ: Одан құтылу үшін адам деген бірінші өз-өзіне мақсат қоя білуі керек. Сезіне білуі керек бірінші бұл нәрсенің қауіпті екенін. Бұрын бір қорап темекі шеккен болса, егер оны қою мақсатында алға қарай жұмыстанатын болса, күніне жарты қорап шегіп, адам санасында "мен қоямын, мен мұны тастаймын" деген ниет болмаса, онда оның басқа істеген шараларынан ешқандай пайда болмайды. Мамандардың айтуынша, вейптің белгілі бір мемлекеттік стандарты жоқ. Мысалы, бір тал темекіде 1-2 миллиграмм никотин болса, вейптегі никотин одан он шақты есе көп. Осылай уланған "вейпкерлердің" ауыз қуысын жара басады. Бірақ дәрігерге баруға асықпайды. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Бүгінде әлемнің 32 елінде темекінің осы түріне тыйым салыныпты. Енді олардың қатарына Қазақстан да қосылады. Әзірге еліміздегі вейп-шоптар еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды