Елімізде көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер жүргізіліп, нәтижесінде Бір апта ішінде басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Нигерияның 12 азаматы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген. Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты. ҚР-ның көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. «Бір апта ішінде басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау, сондай-ақ шетел азаматтары тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.