Сегіз түрік жігіті “Мигрант” іс-шарасы барысында анықталды. Олар Ақсай қаласындағы жеке үйлердің бірін жалға алыпты. Бірақ еш жерде тіркелмеген әрі визасы жоқ. Шетелдіктер өздерінің жерлесіне қонаққа келгендерін айтып ақталды. Дегенмен оларлың заң бұзғаны түсіндіріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы). Әкімшілік материал бойынша ақырғы шешімді Бөрлі ауданының әкімшілік соты қабылдайды. Сонымен қатар үйін шетелдіктерге берген тұрғынға да қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 2-бөлігі (Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.