Қазақстандық 23 жастағы Әлішер Сүлеймен Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінде әлемнің үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Спорт Шредингера" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.Әлемнің үздік шахматшысына қарсы ойнаған Сүлеймен екінші раундта есесін беріп, тарихи жеңіске жетті. "Өзімді қалай сезінемін? Бұл сұраққа жауабым жоқ. Мұның бәрі шындық екеніне әлі де сене алар емеспін. Ойын алдында ең болмағанда нәтиже тең болса керемет жетістік деп ойладым. Тіпті бапкерім де солай айтқан еді" - деді қазақстандық ойыншы. Сенсациялық жеңілістен кейін Магнус Карлсен әлеуметтік желіде кездесудегі кейбір сәттерге пікір білдірді. "Бүгін мен ойында мүлде басылып қалдым. Ғажайып ойын көрсетіп, жеңіске лайық болған қарсыласымды ешнәрсеге кінәлағым келмейді. Бірақ шынымды айтсам, қарсыласымның басында сағат тағып тұрғанын көргенде-ақ бақылау қабілетімді жоғалттым. Мен осылай ойлағаным үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бірақ ұйымдастырушылардың көп нәрсеге мән бермейтін әрекетін көру өте қынжылтады. Көрермендер ойын алаңында смартфондармен серуендеп жүрді. Ойын барысында мен төрешіден сағаттарға рұқсат бар ма деп сұрадым. Ол аналогтық сағаттардың болатынын, тек смарт сағаттарға тыйым салынғанын түсіндірді. Бұл осындай деңгейдегі жарыс ережелеріне қайшы келетін сияқты", - деді ол.