Қазақстандық 30 зілтемірші допинг дауына іліккен

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде спортшылар арасында допинг қолдану неге жиілеп кеткенін айтты.«Бүгінде біздің спортшыларды Алматыдағы Спорттық медицина орталығы сүйемелдейді. Біздің облыста спорт-дене-шынықтыру диспансерлері бар. Өкінішке қарай, өңірде мұндай орталық жоқ екенін айту керек. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп осындай орталықтарды ашсақ деген жоспарымыз бар», - деді министр. Оның сөзінше, кейінгі үш жылда 133 қазақстандық спортшының допинг дауына іліккен. «Оның 93-і жазғы Олимпиада спорт түрінің өкілі. Бұл 93-тің 45-і ауыр атлеттеріміз. Соларға жеке тоқталғым келеді. 2020 жылы допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің саны бесеу, 2022 жылы 10 болса, биылдың өзінде ғана 30 атлеттің допинг қолданғаны дәлелденді. Бұл біз үшін үлкен жара. Өйткені бірінші, екінші, үшінші санаттағы құрама команда түгел шеттетілген. Сонда қазір базалық құраманың рөлін жасөспірімдер атқаруға мәжбүр. Яғни, жағдай жақсы емес. Қазір допингке қарсы орталықпен бірге тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, интернет арқылы спорттық тағамға тапсырыс беру оңай. Спортшылардың көбі осындай тапсырыспен сапасыз тағамға ұрынып қалып жатады. Яғни, допингке саналы түрде бармайтындары да бар. Тіпті интернет пен дәріхананы қойып базардан да сатып алатындар бар. Бұл жұмысты жүйелеп, заңнаманы тағы жетілдіру керек. Өйткен өте көп спортшымыздан айырылып жатырмыз», - деді Ермек Маржықпаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы