Қазақстандық әйел мұрасыз қалды

Өскеменде марқұм ер адамның қызы мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған, сотқа мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінгенімен, ен нәтиже шықпаған. Бұл туралы ШҚО соты хабарлады. ШҚО соттары баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра қабылданады (ҚР АК 1072-2-бабының 1-тармағы). Бұл ретте мұра қалдырушының қызы (бірінші кезектегі мұрагер) бұл норманы сақтамай, мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған. Сол себепті ол мұра қалдырушының әпкесіне (екінші кезектегі мұрагерге) мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Бойжеткеннің айтуынша, ол мұрагерлік мүліктің барын білмеген, сондықтан бұған дейін арызданбаған. "Мұра қалдырушының әпкесі науқас ағасына күтім жасап, оған дәрі-дәрмек сатып алып бергенін, ал қызын әкесінің тағдыры мен денсаулығы қызықтырмағанын айтып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Ағасының жерлеу рәсімінің шығындары да жауапкерге түскен, талап қоюшы әкесінің қайтыс болғанын анық естігеніне қарамастан жерлеуге қатыспаған", - деп жазылған іс материалдарында. Сот талқылауы барысында талап арыз жазған бойжеткен әкесі қайтыс болған уақытта және жерлеу рәсімі кезінде Өскеменде болғанын әрі әкесі қайтыс болғаннан кейін оның қандай да бір мүлкі барын біліп-білмегеніне қарамастан мұраны қабылдау туралы өтінішпен нотариусқа жүгінуге мүмкіндігі болғанын растады. Сондай-ақ облыстық сот баспасөз қызметінің дерегінше, талап қоюшы аталған арызды беру тәртібі мен мерзімін анық білгені анықталған. Себебі 2021 жылы бойжеткеннің анасы қайтыс болғаннан кейін ол мұраны қабылдау үшін Өскеменге келген. Талап қоюшы мұраны қабылдау туралы арыз беру (алты ай) мерзімін неліктен өткізіп алғанына байланысты себепті дәлелдер келтірмегені үшін сот талап арызды қанағаттандырмаған. Сондай-ақ судья бойжеткен мұрагерлік мүліктің барын білмегені дәйекті себеп бола алмайтынын айтты. Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
Тұман, көктайғақ, жел: 26 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидияны қалай алуға болады?
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Тұман, көктайғақ, жел: 26 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Он қалада ауа ластанады
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды