Қазақстандық Жанат Шамиганов Орталық Американың жеті елін джунгли арқылы еңсеріп, АҚШ-қа заңсыз өтпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Настоящее время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Ер адам жеті мың шақырым жол жүріп, оның 500-ін жаяу өткен. Айтуынша, бірінші Колумбияға барып, одан Панама шекарасына өткен. Сол жерде джунглиге кіріп, әрі қарай жаяу жүрді. Коста-Рика, Никарагуа, Гондурас, Гватемала және Мексиканы еңсеріпті. Оның айтуынша, барлық қиындықтар Панамаға жеткенде басталған. "Онда ешкім кірмеген Дарьен саябағы бар. Дәл сол жерде адамдар жиі жоғалып кетеді, өйткені мұнда жол жоқ. Сол жерден қытайлық адамды көрдім, ол оның тобын біреулер тонап кеткенін айтты. Онда әлемнің түкпір-түкпірінің қылмыстық топтары жасырылады. Бұл – есірткімен айналысатын адамдар, қашқындар, қылмыскерлер. Жергілікті полицейлер ол жаққа бармайды", – деді қазақстандық азамат. Айтуынша, Кариб теңізінен өтіп бара жатқанда, жағалау күзеті көрмеуі үшін түнде жүрген. Ол сұмдық жайттардың куәсі болғанын айтады. “Катер түнде жүргенде, тоқтамайды. Қырғызстан азаматымен осындай жағдай болды. Бала әйелдің қолынан құлап түскенде, әйел баланың артынан секірді, артынан күйеуі бар. Ал қайық қайтып оралмады", – деді Жанат. Коста-Рика қауіпсізірек дейді. Бірақ тоқтатып, ақша бопсалайтындар бар екенін айтады. Мұндай жағдай Мексикада жиі кездеседі дейді. АҚШ-тағы шекараның заңсыз өтуіне байланысты Жанат ресми түрде жұмысқа тұра алмаған және қолма-қол ақшамен әр түрлі жұмыста жүреді. Оның айтуынша, алдағы жылдары ол Қазақстанға орала алмайды.