Отандық блогосфера саласында жүрген блогер, әзілкеш Әден Марғұлан бойдақ өмірмен қоштаспақ. Ол жаңалығын желіде жариялап, анасынан сүйінші сұрады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Фото блогердің жеке парақшасынан алынды Ол сүйіктісіне ұсыныс жасауды ұзақ уақыттан бері армандаған. “Армандар орындалады екен. Мені танитындар біледі, Парижде сүйіктіме ұсыныс жасауды армандайтынымды. Осы күнді көп күттім. Болашақ жарымның есімі – Жансая. Албан елінің қызы. Басқа мәліметті айтпай-ақ қояйын, өйткені қатты ұялып, толқып тұрмын”, – дейді болашақ күйеу жігіт. Блогердің бір топ достары да маңызды сәтінде жанында болып, кездесуді ұйымдастыруға көмектескен. Танымал әнші Мирас Жүгінісов “Моно Лизамен кездесуге келдім” десе, Жансерік Кәдірбаев: “Пранкты Парижде де жасай беруге болады екен”, – деп әзілдеді. Айтуынша, досы келе алмайтынын жалған айтып, кейін Эйфель мұнарасының жанынан қос ғашықты күтіп алған. Блогердің оқырмандары жарыса тілек жаудырса, енді бірі қай жерде сөз байласқаны маңызды емес, ең негізі – үлгілі отбасы болу екенін түсіндіріп жатыр.