Соңғы 3 жылда қазақстандық блогерлер қазынаға 250 млн теңге салық төлеген. Яғни, олар 9 млрд теңгеге жуық пайда тапқан. Алайда бұл мемлекеттік кірістер комитетінің танымал блогерлерді санамалап, мөлшермен шығарған есебі. Экономикалық қызмет түрлерiнің жалпы классификаторында «блогерлік» жоқ. Сондықтан интернеттің жұлдыздары кәсіпкер, білім беруші секілді әртүрлі санатқа саналып жүр. Инфлюенсер-миллионерлердің көбі табысының тек 3 процентін үкіметке аударады. Өйткені олар кіші бизнес субъектілері ретінде тіркеліп алған. Сондықтан жеңілдік беретін арнаулы салық режимін пайдаланады.Ерқанат ШЫҢБЕРГЕН, ҚР ҚМ МКК БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Талдау нәтижелері бойынша қарадық, олар тіркелген шынымен иә. Жеке кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлға ретінде. Көбінесе танымал блогерлер шынымен тіркелген. Арасында енді бар 10 пайыздан төлейтіндер жалпыға бірдей салық режимі. Мысалы маркетингпен айналысатындар оларға міндетті түрде жаңағы жалпыға бірдей режимге көшу керек. Ол салық кодексінде жазылған. Жарнамаға жұмыс істейтін блогерлер үшін қыркүйекте «Онлайн-платформа және онлайн-жарнама» атты жаңа заң қабылданған еді. Алайда әлі қолданысқа енбеді, - дейді салық комитетінің мамандары. Заңда «инфлюенсер» сөзіне анықтама берілгенмен, нақты қанша жазылушысы бар блогерді қатарға қосатыны нақты көрсетілмеген. Тиісінше, табысын растамаған әлеуметтік желі жұлдызының атын атап, түсін түстеу әзірге мүмкін емес.