Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді. Сондай-ақ қазақстандық ауыр атлеттер мен жеңіл атлеттер және таеквондо шебері Жасүрбек Исраилов жарыстарға қатыса алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Токиода 2020 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Соннан метастерон сынамасы табылды, соның салдарынан ол 8 жылға спорттан тыс қалды. Метастерон үшін ауыр атлеттер Алексей Дроздов, Аблай Әуелханов, Юлия Потассова, Руфина Чалкарова да 2026 жылдың 28 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ тағы бір ауыр атлет Карина Жүнісбаева канренон сынмасы үшін 2024 жылдың 21 қазанына дейін спорттан шеттетілген еді. Жеңіл атлеттер Александр Савгуров пен Екатерина Грицай оксаладрон үшін 2025 жылдың 26-шы қазанына дейін спорттан шеттетілді. Ал таеквондо шебері Жасүрбек Исрайловтан мельдоний сынамасы табылып, 2025 жылдың 18-ші қарашасына дейін спорттан тыс қалды. Қазақстандық ауыр атлеттер осыған дейін де допинг қолданғаны үшін Олимпиада ойындарының медальдарынан айырылып қалып еді. Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық ауыр атлет, 2020 жылғы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ бойынша қола медальді және 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген еді. 24 жастағы Игорь Сон өз карьерасында осындай жағдайға екінші рет тап болып отыр. 2015 жылы қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан соң бірнеше айға спорттан шеттетілген болатын. Ол кезде спортшы препараттың организміне биоқалдықтар арқылы кіргенін дәлелдеген еді.