Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде ескек есуден алтын медаль жеңіп алды.ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті. Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль. "Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!"– деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.