Қазақстандық ғалымдар күріш қауызынан медициналық таңғыш жасап шығарды

Қазақстандық ғалымдар күріш қауызынан медициналық таңғыш жасап шығарды. Бірегей жоба Ғылым қорының қолдауымен іске асты. Медициналық таңғыштар диабеттік табан, трофикалық жаралар мен күйіктерге қарсы қолданылады. Мамандардың айтуынша, 4-5 күнде іріңді жара тартылып, жедел түрде жазыла бастайды. Таңғыштардың басты артықшылығы - күріш қауызынан табиғи жолмен жасалуында. Сондықтан оның ағзаға еш зияны жоқ, тиімділігі де жоғары. Бүгінде бұл өнім сатылымда, тіпті, экспортқа шығып үлгерген.Әлібек МҰТЫШЕВ, «ЖАЛЫН» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жобаны біз 10 жылдай зерттеп, дайын өнімге дейін жеткіздік. Осындай нәтижеге Ғылым қорының арқасында жеттік. Бактерицитті сорбциялық таңғыштар ірінді жараға қолданылады. Клиникалық эксперименттерден өткіздік. Нәтижелері өте жақсы. Жалпы жобаға 299 млн тг қаражат кетті. Орталық бұдан бөлек Ғылым қорынан ұтқан грант негізінде тағы 3 ғылыми әзірлеме дайындаған. Олар - фармацевтикалық энтеросорбенттер, қанды тазартуға арналған гемосорбенттер және санитарлық-гигиеналық құралдар. «Отандық өнімдердің сапасы жоғары және бағасы да қолжетімді»,- дейді ғалымдар. Сестагер АҚНАЗАРОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Қазақстанға бұл препараттар өте қажет. Толығымен патенттелген, басқа еш жерде аналог таппайсыз. Бұған шетелдіктер де қызығушылық танытып отыр. Елімізге фармацевтикалық өнімдердің 70-80 проценті басқа мемлекеттерден келеді. Ал біздің өнімдер отандық шикізаттардан ғана жасалады. Сондықтан қазақстандық өнімді қолдап, одан әрі дамыту қажет. М. Жақан

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Балқашқа былтырғымен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артық су жіберілді
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр