Қазақстандық ғалымдар Паркинсон ауруымен күресуге сеп болар жаңалық ашты

Отандық ғалымдардың жаңалығы әлемдік ғылымның дамуына қозғау салды. Енді дүниежүзіндегі биология бойынша кітаптар қайта жазылады.Қазақ ғалымдары жұмысының қорытындысы таяуда биотехнология саласы бойынша дүниежүзіндегі үздік үш басылымның бірінде жарияланды, деп жазады qazaqstan.tv. Осыдан бірнеше жыл бұрын еуропалық ғалымдар Паркинсон диагнозы қойылған кейбір науқастардың ағзасындағы DJ-1 атты протеинінің мутацияға ұшырағанын байқайды. Бірақ олар әлгі ақуыздың өзгеріске ұшырауына не себеп екенін біле алмай келді. Ал, қазақстандық 8 ғалым бес жылдай тынымсыз ізденіп, бұл мәселенің шешімін тапты. "Біз зерттеген ақуыз гликолиз кезінде бөлінетін токсиннен төнер қауіпті жоятын болып шықты. Гликолиз дегеніміз - қанттан энергия түзілетін кездегі негізгі процесс. Адам баласының миында бұл - үздіксіз жүретін процесс",-дейді  Nazarbayev University докторантура студенті Айжан Ахмади. Бүгінде дүниежүзіндегі ондаған зертхана DJ-1 ақуызының қызметін зерттеп келеді. Қазақстандық ғалымдардың еңбегі осы сала бойынша кейінгі 20 жылдағы ең маңызды нәтиже болды. Сондықтан да отандастарымыз зерттеп-зерделеген жұмысын мақала күйінде Nature Communications журналына жолдады. Биохимия саласындағы әлем бойынша үздік үш басылымның бірі қазақстандық ғалымдардың еңбегін 8 ай бойы жіті тексеріп, жақында жарыққа шығарды. Мақалаға қатысты алғашқылардың бірі болып бельгиялық ғалым, профессор Гидо Поммер өз пікірін білдірді.Тұтастай алғанда, бұл – DJ-1 in vitro тиімділігін талдауға арналған тұрақсыз және реактивті метаболит түзуге мүмкіндік беретін өте жақсы зерттеу. Нәтижелер алдыңғы есептерді растайды. Сонымен қатар DJ-1-ның қызметін түсіну жолындағы зерттеулер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қолжазба нақты жазылып, тәжірибелік дәлдігі жоғары деңгейлі суреттермен әрленген. Назарбаев Университеті мен Ұлттық биотехнология орталығы ғалымдарының бұл еңбегі -- іргелі ғылым саласындағы ауыз толтырып айтарлық нәтиже, - дейді сала мамандары. Өйткені бұған дейін тек теория жүзінде айтылып келген ғылыми болжамды, қазақстандық ғалымдар іс жүзінде дәлелдеп отыр. Сондықтан да олардың еңбегі Nature Communications журналында "маңызы зор 50 мақала" қатарына енген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау облысында егіс алқаптарын су басты
Лайфхак: күріш ыдысқа жабысып піспес үшін оған не қосу керек?
Еуропа елдерінің рұқсат бланкілеріне қажеттілік өсті
Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Дзюдодан әлем чемпионаты: бүгін татамиге шыққан барлық балуанымыз жеңіліп қалды
БҚО-да төрт ірі су қоймасы 96%-ға толды
Маңғыстауда сарбаздар ант берді
Қазақстанға оралған Айгүл Иманбаеваға әріптестері тосын сый жасады
Олжас Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарын тездетуді тапсырды
Сенатта өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселеріне арналған парламенттік тыңдау өтеді
Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты
Қызылорда облысында жасөспірімдер құрдасын өлтірді деген күдікке ілінді
Абай облысында кәсіптік бағдарлау лагерлері ұйымдастырылады
Миллиардер миына чип қойдырғысы келетін адам іздеуде
Жұмыс беруші есебінен зейнетақы төлеу қағидаларын әзірленді
25 жастағы жігіт ағасының ақшасын ұрлап, құмар ойынына салып жіберген
Су тасқыны. Ірі компаниялар тұрғын үй салуға және сатып алуға көмектеседі
Түркістан облысында көрші үйдің дәретханасынан өлі табылған бүлдіршін жерленді
Мұрат Нұртілеу Ресейдің сыртқы істер министрімен кездесті
Түркістандық дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алды
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Қуандық Бишімбаевтың балалары тегін өзгертпек
Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр – министрлік
Бірнеше фармацевтикалық компанияға айыппұл салынды