Қазақстан ұлттық жастар құрамасының хоккейшісі Владимир Истомин "Академия Михайлова" клубындағы достары Егор Стругов және Даниил Молодцовпен бірге өртке оранған пәтерден әйел мен оның балаларын құтқарып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ресей Федерациясы Тула облысының ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Хоккейшілер үйге қайтып бара жатқанда көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болып жатқанын байқайды. Олар балалардың көмек сұраған айқайын естіген соң құтқаруға асыққан. Стругов өртке оранған пәтерге жүгіріп кіріп, қалған спортшылар құтқарушыларды шақырады. Егор тұрғын үй кіреберісіне кіріп, жанып жатқан пәтерді тауып, әйелге балаларды эвакуациялауға көмектескен. Бұл уақытта Истомин мен Молодцов көпқабатты үйдің өзге тұрғындарын оятты. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін хоккейшілер оларға өртеніп жатқан үйден адамдарды эвакуациялауға көмектесті. Айта кетейік, Владимир Истомин хоккейден Қазақстан ұлттық жастар құрамасында өнер көрсетеді. Өткен Әлем чемпионатында команда элиталық дивизионға шыққан еді.