Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионатының екінші жарыс күні 6 қазақстандық татами шебері тұғыр сатысына көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) пен Қайсар Алпысбай (60 келі) əнұранымызды шырқатты. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Гүлмира Үсенова (55 келі) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Данияр Юлдашев (84 келі) пен Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.