Қазақстандық кинодағы тұңғыш дыбыс режиссері Қадыр Нұрахметұлы Қосай өмірден озды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” Ұлттық киностудиясы хабарлады. "Қадыр Нұрахметұлы атақты режиссерлер, актерлермен қатар жұмыс істеді, оның есімі бүгінде қазақстандық киноның классикасына айналған «Қыз-Жібек», «Атаманның ақыры», «Жамбыл жастары» және т.б. картиналардың титрлерінде көрсетілген. Қадыр Нұрахметұлының қазақ көрермендеріне жеткізген еңбегі ұшан-теңіз.Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” Ұлттық киностудиясы ұжымы Қадыр Нұрахметұлының жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!",-делінген хабарламада.