Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның үш елді мекеніндегі қираған үйлерді аршыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Наиброфи елді мекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. "Бір қатармен" әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті.Елдімекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.Тұрғын үйді бөлшектеу барысында құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін алып шықты.Құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті.