Түркияға көмекке барған қазақстандық құтқарушылар басқа әріптестерімен бірлесіп үйінді астынан зардап шеккен әйелді шығарып алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.«Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген болатын. Өткен тәулікте бірінші топ өте көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеуде. Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр», - делінген хабарламада.