Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын бастағалы 7 адамды құтқарды. Сондай-ақ қайтыс болған 88 адамның (10 бала) мәйітін үйінді астынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккендерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетуде. Осыған дейін 140-тан астам жергілікті тұрғынға, соның ішінде 17 балаға медициналық көмек көрсетілді. Олардың ішінде стрестің жедел реакциясымен, салқын тию, тыныс алу жолдарының ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі жарақаттармен байланысты аурулар басым. Іздестіру жұмыстары басталғалы жедел штаб жұмыс істеп тұр. Оның мақсаты төтенше жағдай аймағындағы жағдай туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру, төтенше жағдайдың күрделенуін және олардың салдарын болжау, төтенше жағдаймен күрес бойынша жедел шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау болып табылады. Қазіргі уақытта қазақстандық құтқарушылар екі елді мекенде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тұрақсыз құрылымдарды бөлшектеу және арнайы кескіштің көмегімен жол тазарту және қирандылардың астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін үйінділердің астындағы арматураны кесу жұмыстары жүргізуде. Бұл бетон, арқалықтар және басқа да құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеуді жеңілдету үшін жасалады. Газиантеп қаласы бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылардың бір тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 30 адамның денесі шығарылды. Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, 24 адамның денесі шығарылды. Қазақстанн ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде. Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Қазақстандық құтқарушылар өте тереңде жатқан үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығарды. Қайтыс болған 11 адамның денесі шығарылды. Зардап шеккен адамдарды іздеуге техникалық құралдар, үйінділерді бөлшектеуге инженерлік техника пайдаланылуда. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мәжіліс Су кодексінің жобасын қарайды
Конор МакГрегор сексуалдық зорлық ісі бойынша кінәлі деп танылды
Ақтауда екі көлік бетпе-бет соқтығысқан
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Абай облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды