Қазақстандық мамандар ChatGPT-дің баламасын жасауға кірісті

Қазақстандық мамандар ChatGPT-дің баламасын жасауға кіріскенін айтты.  "ChatGPT қазақ тілінде жұмыс істей алады. Бірақ ол қазақ тілінде сөйлеп, сұрақтарға еркін жауап беру үшін шамамен 13 млрд токен керек. Бүгінде онда 1,5 (млрд токен) бар, бұл 10 есе аз. Қазір алдымызда кітапханалар, шығармалар мен қазақстандық менталитетті ескеріп, отандық модельді әзірлеу міндеті тұр. Жылдың соңына дейін қазақша модельді әзірлеп, қоғамға ұсынылады", - деді  "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" бас директоры Рүстем Биғари.Рүстем Биғари ChatGPT-дің баламасын іске қосу үшін суперкомпьютер керегін атап өтті."Бүгінде Назарбаев университетінің базасында 2 суперкомпьютер бар. Бұл қажетті нормадан 10-15 есе аз. Президент Қасым-Жомарт тапсырма беріп, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі суперкомпьютерлерді сатып алып, оны іске қосуға кірісті. Бұл ғалымдарға қазақстандық лингвистикалық модельді әзірлеуге мүмкіндік береді", - деді ол. Бас директор бүгінде жобаға кәсіпкерлер қызығушылық танытып отырғанын айтты. "Қаңтарда мемлекет басшысы қазақстандық үлгіні жасау туралы айтқанда 2-3 шешім болса, қазір олардың саны өсіп жатыр. Жобаға бизнес қызығушылығы артты. Бізді бұл қуантады. Өз тарапымыздан деректер және есептеу қуатымен қамтамасыз етеміз", - деді Рүстем Биғари.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Астана» мен «Челси» ойынының билеттері сатылымда
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Көкшетау тұрғыны алаяқтардан 1 миллион теңгесін қайтарып алды
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам тіл тартпай кетті
Жетісу облысында жол жабылды
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Астана аспанында бірнеше жойғыш ұшақ ұшып өтті: видео
Абай облысында 15 тонна шөп өртенді
"Астана" - "Челси" матчының билеті сатылымға шықты
ҚазМұнайГаз бен Татнефть Атырау облысында бірлескен жұмысқа кірісті
Шымбұлақта арқан жолда қалып қойған адамдар құтқарылды
Ресейлік әкерлердің мерзімі өткен 10 миллион рубльге дейінгі қарызы есептен шығарылады
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Қытай хакерлері АҚШ-тың 150 саясаткеріне тыңшылық жасауы мүмкін
УҚК: Курск облысындағы Ресей зымыран күштерінің дивизиясына соққы бергенін хабарлады