Қазақстандық шаруалар 17,1 млрд теңге субсидия алуға өтініш берді

Қазақстандық фермерлер 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге субсидия алуға 3067 өтінім берді. 134,6 млн теңгеге өтінім мақұлданып, оның 20 млн теңгесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еске сала кетейік, жүйеде «күту парағы» тетігі іске қосылған, онда бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтінімдер келіп түседі. Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша іс-әрекетсіз тек «күту парағындағы» өтінімдер бойынша автоматты түрде бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Сонымен қатар, өңірлік әкімдіктердің фермерлердің алдында 2022 жылы резервке қойылған 4025 өтінім бойынша айтарлықтай берешегі бар. Деректер qoldau жүйесінен Ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинеттеріне көшірілді. Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша жергілікті әкімдіктер өткен жылғы қарыздарды өтегеннен кейін ғана жаңа өтінімдерді төлеуге көше алады. СБМАЖ-де деректер төлемдерін қалыптастыру бойынша функционал іске асырылды. Облыс әкімдіктеріне тиісті түсініктемелер жолданды», - деп жазды салалық министрліктен. Айта кетейік, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 250-ден астам қаржы институты тіркелген, олар Ауыл шаруашылығы басқармаларына 1,8 млрд теңге сомасына өтінім берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
Ақтаудағы ұшақ апаты: экипаж мүшелерінің ешбірі тірі қалмаған
Семейде шыршадан құлаған мұғалімге өмір бойына өтемақы төлесін – Мәжіліс депутаты
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады