Қазақстандық шыршалар ТМД – дағы ең биік шыршалардың ондығына енді. Бұл туралы ТурСтат туристік порталы мәлімдеді. Ең биік жаңажылдық шырша- 44 метр. Ол Ашхабад қаласында орналасқан. Одан кейін Ереван, Ташкент, Баку, Бішкек, Минск, Душанбе, Мәскеу қалалары тізімді жалғастырады. Ал Астана мен Алматыдағы бас шыршалардың биіктігі -25 және 20 метр. Қаланың көркіне айналған бұл шыршалар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.БЛИЦ-САУАЛНАМА: Өте жақсы безендірілген. Ұнады. Студенттік шағымыз ойымызға келіп жатыр. Өте тамаша, жақсы демалып жатырмыз. Шырша тамаша, әдемі екен. Суретке түсіп жатырмыз қасына. Көңіл-күй өте жақсы. Жаң жыл құтты болсын! Халқымыз аман болсын! Қаламыздың безендірілуі, мына қойылып жатқан шыршалар, жанып тұрған шамдар өте керемет, қаламызға көрік беріп тұр. Алматыдағы шыршамыз ТМД елдері арасындағы ең керемет шыршалардың ішіндегі ондыққа кіреді екен. Бұл мақтанарлы қ жағдай. Мына қала тұрғындарына, қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлайды деп ойлаймыз. Алматыда биыл алғаш рет бұдан бөлек тағы үш 20-метрлік шырша орнатылған. Жалпы қаланың жаңажылдық безендірілуіне 500 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.Ғани МАЙЛЫБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Барлық аудандағы халық көп жүретін жерлерді қамтуға тырыстық. Шыршалар орнатылды. Сонымен қоса жолдың бойында безендірулер ілінді. Былтыр 50-ге жуық шырша болса, биылғы жылы қала бойынша 100-ге жуық шырша жасалынды.