19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер командасының қорғаушысы Руслан Захаров Испанияның "Вальядолид" командасы қаралымынан өтеді, - деп жазды massaget.kzФутболшы Алматының "Жас Қыран" командасы сапында жасөспірімдер арасындағы QJ League жарысында өткен маусымның үздік қорғаушысы атанған болатын. Сондай-ақ маусымның үздік голы марапатын иеленген еді. "Вальядолид" командасы аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдоның иелігінде. Қазіргі таңда команда Ла лигаға оралу үшін барын салып ойнап, 32 ұпаймен үшінші орында келеді.Айта кетейік, Руслан Захаров "Вальядолид" командасы қаралымына бара жатқан қазақстандық алғашқы ойыншы емес. Бұған дейін Мұхамед Еңсебаев, Нұралы Елемес пен Тимур Құрбанов та испандық клуб қаралымына аттанған болатын.