Қазақстандықтар былтыр 200 мың жаңа автокөлік сатып алып, рекорд жасады

Былтыр елімізде жаңа автокөлік сатылымы бойынша рекорд жаңарды. Қазақстандықтар жыл ішінде 200 мыңға жуық машина сатып алған. Нарықтағы отандық көліктердің үлесі 70 процентке жетті. Сәйкесінше, елдегі көлік өндірісі 30 процентке ұлғайған. Азаматтар қандай бренд маркалы машиналарды алуға құмар? Бейнематериалдан көріңіздер. Бүгінде әлемдегі үздік 10-дыққа кіретін танымал көлік моделдерінің елімізде 9-ы өндіріледі. Қазақстанның Автокөлік одағының дерегінше, былтыр сатылған жаңа машиналардың саны 2022 жылмен салыстырғанда, 60 процентке көп. ГРАФИКА: Бұл- қазақстандық авторитейл тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Сатылым динамикасына қарасақ, желтоқсан айында жаңа көлікті болғандар рекорд орнатқан. ГРАФИКА: 2023 ЖЫЛҒЫ ЖАҢА АВТОКӨЛІК САТЫЛЫМЫ Қаңтар – 10 402 Ақпан – 13 163 Наурыз – 13 683 Сәуір – 14 373 Мамыр – 14 768 Маусым – 16 831 Шілде – 18 820 Тамыз – 18 215 Қыркүйек – 17 772 Қазан – 18 174 Қараша – 18 957 Желтоқсан – 23 528 Қайрат ЕЛАМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Былтыр Қазақстанда 148 мың 885 бірлік көлік өндірілді. Бұл да рекордтық көрсеткіш. Бұл тенденция ел азаматтарының «жақсы көлік - жаңа көлік» принципін ұстанатынын көрсетті. Бұл автопарктің жаңаруына оң әсерін тигізетін динамика. Ең көп сатылған брендтердің үздік бестігі - Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery және Toyota. Сонымен, былтыр Hyundai, Chevrolet, Chery және Toyota маркалы машиналар жоғары сұранысқа ие болды. Көліксүйер қауымның қалаулыларының қатарында Haval, Jac, Changan, Jetour, Exeed брендтері де бар. Қазақстанның автокөлік одағының сарапшылары биыл нарық сұранысы 10-15 процентке көтеріледі деп болжап отыр. Қайрат ЕЛАМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Сұраныстың артуы машина өндіретін мекемелерде жұмыс орнын көбейтуге сеп болды. 2022 жылы өндірісте 4 мың 900 қызметкер еңбек еткен. Былтыр олардың саны 6 мыңнан асты. Бұл диллерлік орталықтардағы мамандарды қоспағандағы көрсеткіш. 2025 жылы Қазақстанда екі машина зауыты іске қосылады. Қостанайда Kia, Алматыда Қытайдың Chery, Changan, Haval машиналары өндіріледі. Сарапшы пікірінше, жаңа машинаны шетелден тасымалдағаннан көрі отандық өндірістің өнімін алған әлдеқайда үнемді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ойланып алған несие орға жықпас
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл