Демалыс маусымын шетелде өткізгеннен кейін жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қалай қайтаруға болады? Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз. Шетелдегі курорттық аймақтарда демалу үшін көбіне жолдама сатып алуға тура келеді және шетелдегі демалыс кейде белгілі бір шығындарды талап етеді. Әдетте жолдаманың бағасына демалыс орны мен ұшу қызметі кіреді. Алайда демалыс кезінде тамақ, ойын-сауық және тауарлар сатып алу үшін қосымша шығындалуыңыз мүмкін. Бұл ретте жалпы кеткен шығын сомасының бір бөлігін Tax Free жүйесі арқылы сапардан оралғаннан кейін қайтаруға мүмкіндік бар.Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл қызмет 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанда демалатын шетелдіктер үшін де қолжетімді.Қандай шығын түрінен ақшаны қайтаруға болады?Жұмсалған қаражатты қайтару қазақстандықтардың қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуіне байланысты. Tax Free қызметі әдетте электрондық жабдықтар (смартфон, ноутбук, т.с.с), киім мен аяқ киім, аксессуарлар сияқты т.б. тауарларды сатып алған кезде сомананың белгілі бір бөлігін қайтарады.Қайтару сомасының мөлшері екі факторға байланысты: демалған еліңіздегі салық мөлшері – кейбір мемлекеттерде ол 20 пайызға дейін жетуі мүмкін; сатып алу сомасы – Tax Free шеңберінде тауарлардың құнына шектеулер болуы мүмкін. Яғни жоғары ҚҚС-пен 200 АҚШ долларына тауар сатып алып, 40 долларға дейінгі соманы қайтарып алуға болады.Tax Free жүйесі қалай жұмыс істейді?Бұл жүйеге шетелдегі барлық дүкен қатыса алмайтынын есте ұстаған жөн. Белгілі бір сатушының қолайлы екенін анықтау үшін интернеттен ақпарат іздеуге болады немесе бұл туралы мекеменің өзінен сұрауға мүмкіндік бар.Таңдалған дүкенде ҚҚС қайтару қызметі болса, сіз дүкенде қалаған өнімді сатып ала аласыз. Бірақ өзіңізбен бірге төлқұжат болуы керек – ол сізге Tax Free процедурасынан рәсімдеу үшін қажет.Сатып алу және салықты қайтару туралы өтініш бергеннен кейін сатушы клиентітң төлқұжат деректерін арнайы бланкқа енгізеді немесе электрондық нұсқасын жасап алады. Тауардан алынған түбіртек сақталуы керек. Бірақ елден кеткенше сатып алынған тауарды ашуға болмайтынын ұмытпаған абзал. Кей елдерде қайтарымды рәсімдеу (деректерді толтыру) тек арнайы орындарда жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан мұндай кілтипандар туралы да алдын ала біліп алған жөн.Кейін Қазақстанға оралған кезде демалушылар шетелдік әуежайда Tax Free тіркелу аймағын табуы керек. Өтемақыны алу үшін турист Tax Free чегін кеден бекетінің қызметкеріне ұсынуы қажет және жабық пакетте өнімнің өзін көрсетуге тиіс. Соманы қайтару туралы өтінішті рәсімдеу аяқталғаннан кейін ақшаны қолма-қол алуға болады немесе банк картасына аударылуы мүмкін.