Қазақстандықтар ең жиі сатып алатын көлік түрі анықталды

2024 жылдың сәуірінде қазақстандықтар арасында ең танымал болған көлік түрлері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.«Қазақстанның автокөлік одағының» мәліметінше, сәуір айында 13 342 жеңіл автокөлік және коммерциялық техника, 855 жүк көлігі мен автобус сатылған. Ал бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,2%-ға төмен. Жалпы жыл басталғалы 53 644 автомобиль сатылған, ал былтыр сауда нәтижесі 51 621 шамасында болды (+3,9%). Қазақстандықтар жиі сатып алатын көліктердің көшін Hyundai, Kia, Chevrolet, Chery, Jac бастайды. Hyundai (3 050; былтырғы сәуірмен салыстырғанда - 15,2%) төртінші ай қатарынан ең көп сатылатын үздік 10 көліктің топ басында тұр. Kia (1 763; -15,7%) да екінші сатыға жайғасса, үшінші орынды 1 477 машинасы өткен Chevrolet алды (-63,1%). Төртінші сатыға тұрақтаған Chery-дің 1 058 моделі иесін тапты (+49,4%). 1 030 автомобилі сатылған Jac бұл жолы бесінші орыннан көрінді (+160,8%), - делінген мәліметте. Одан кейін тізімде Changan (864; +108,7%), Geely (728; +217,9%), Toyota (696; +11,9%), Jetour (637) және Haval (593; +39,5%) тұр. Сәуір айында аса танымал модельдер үштігінде өзгеріс жоқ. Алғашқы орындарды Hyundai Tucson (2 010), Chevrolet Cobalt (1 322), Kia Sportage (887) өзара бөліскен. Төртінші сатыға алғаш рет Changan CS55 Plus (477) көтерілсе, бесінші орынды Chery Tiggo 7 Pro (414) алды. Одан бөлек тізімде Jac J7 (385), Chery Tiggo 2 (337), Haval M6 (314), Hyundai Elantra (287) және Jetour X70 (286) бар, - делінген. Төрт ай нәтижесі бойынша танымал брендтер көшін әдеттегідей Hyundai (12 336; -5,3%) бастап келеді, ал екінші орынды еншілеген Kia дилерлері 6 638 көліктің кілтін тапсырған (-13,4%). Chevrolet үшінші сатыға қайта көтерілді (4 814; -66,4%). 4 499 автомобилі жолға шыққан Chery төртінші қатарға жайғасты (+66,1%). Үздік маркалар бестігін Changan (3 017; +170,8%) түйіндеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Танкист, парашютис, дзюдоист...
«Станислав Черчесов қызметін жалғастырады» – ҚФФ ресми мәлімдеме жасады
Қазақстан құрамасына Черчесовтың орнына келетін бапкердің есімі белгілі болды
«DALA DAUYSY» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды
«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау қайта басталды
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Ата-аналарға арналған "Ашық есік" күндері өтеді
Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты