Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты. Жаңашылдық 3-6 ай уақыттан кейін жүзеге аса бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Ол қазақстандықтарға жеке куәлігін курьер арқылы табыстау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады. Біз қосымша қызметті Ішкі істер министрлігімен талқылаймыз. Себебі бұған қатысты ешқандай сұрақ туындамауы керек. Жеке куәлік – өте маңызды құжат. Мұны азаматтар да түсуінуі керек. Мұнда адамның келісімін тіркеу керек, - деді Әсет Тұрысов Сенат кулуарында. Курьер қызметіне тапсырыс беру биометриялық растаудан (Face ID) кейін ғана мүмкін болады. Журналистер құжаттарды курьер арқылы алдырудың қаупі барын, курьердің құжаттарды алаяқтарға беруі мүмкін екенін айтты. Вице-министр курьердің қалай таңдалатыны туралы ІІМ-мен талқы болады деп жауап берді. Болуы мүмкін қауіптер толығымен ескеріледі деп сендірді.