Қазақстандықтар жұбайының рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды

Мәжіліс кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша депутаттардың бастамасымен әзірленген заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Заң жобасының негізгі нормаларын депутат Берік Бейсенғалиев таныстырды. Заң жобасын қарау барысында депутаттар бірінші оқылымнан кейін несиелер мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің шекті көлемін анықтау, 2026 жылға дейін азаматтардың банктегі несиелері және микрокредиттер бойынша қарыздарын коллекторлық агенттіктерге сатуға мораторий енгізу, PDL микрокредиттерін немесе жалақыға дейін деп берілетін шағын несиелерді реттеудің ерекше режимін алып тастау туралы түзетулер енгізді. Банк омбудсманына тек банктік несиелер бойынша дауларды қарау өкілеттігі беріледі. Сонымен бірге микрокредиттер бойынша дауларды қарау құзыретін беретін микроқаржы омбудсманы институты енгізіледі. Сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасыларды қорғауға қатысты қосымша нормалар қарастырылды. Жылу беру маусымында оларды жалғыз тұрғын үйінен шығаруға жол бермеу ұсынылды, - деді депутат. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады. Әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызметті өткерудің барлық мерзіміне банктік қарыз немесе микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру процесі автоматтандырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда абаттандыру ережелерін бұзушылармен қалай күресуде
Тәжікстан президенті Астанаға ұшып келді: 28 қараша 2024, 11:19 - жаңалықтар Tengrinews.kz
ҰҚШҰ-ға төрағалық миссиясы: Қырғызстан қандай мәселелерге назар аудармақ
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
«Құжатым жоқ, мектепке бара алмаймын»: Желіде базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Жетісу облысында пробациялық бақылаудағы азамат кәсіп ашты
Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолы
Мектеп оқушысының әкесі балалар арасындағы жанжалға араласқан: полиция іс қозғады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Астанада балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау ашылады
Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай