Әдетте Рамазан айы жақындағаннан-ақ құрмаға деген сұраныс артады. Бір ай бойы бұл өнім әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар дастарқанынан үзілмейді, себебі құрма өзінің тағамдық қасиеттерімен бұрыннан белгілі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.Құрма – ауызашар мәзірінің сәні Иә, құрма – қасиетті Құранда айтылған жемістердің бірі және Пайғамбарымыз (с.а.с.) оразасын құрмамен, ол болмаса сумен ашатын болған. Сол себепті, құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген мұсылмандар дастарханға құрма қоюды дәстүрге айналдырған. 1 құрмада В5 дәрумені – 16%, калий – 14,8%, кремний – 553,7%, магний – 17,3%, марганец – 13,1%, мыс – 20,6%, хром – 118% болады. Құрма қан қысымына, жүйке жүйесіне, ақыл-ой белсенділігіне, қан түзілу процесіне және бұлшықет жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне оң әсер етеді. Жемістің құрамында А дәрумені және фторид те бар, сондықтан олар көру және тіс саулығына пайдалы. Құрманың бактерияға қарсы қасиеті де бар, сондықтан адам денсаулығына қауіпті ешбір бактерияны, микробты немесе паразиттерді тасымалдай алмайды. Оның үстіне, оны аш қарынға жесе паразиттер мен патогенді бактерияларды өлтіреді. Сонымен қатар, құрманы анемияға, қандағы холестеринді төмендетуге, аурудан кейін денсаулықты қалпына келтіруге және асқазан-ішек жолдары мен ұйқы безінің қатерлі ісігінің алдын алу шарасы ретінде жеуге болады. Құрманың әлемдегі ең танымал сұрыптары – негізінен Марокко мен Израильде өсірілетін карамель хош иісі бар меджул, ал Деглет-нур – Алжир, Тунис, құрғақ, бірақ аджва сұрпы Исламда ерекше орын алатын – Медина мен Сауд Арабиясында, Иранда мазафати және Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағының басқа елдерінде сафави сұрпы өсіріледі. Бәрі өз орнымен болуы керек Жалпы, құрма калориясы жоғары тағам болып саналады. Оның энергетикалық құндылығы 100 г - 292 ккал. Сонымен қатар, кез келген тәтті өнім сияқты, құрманың құрамында қант көп. Мысалы, 100 г қанттың гликемиялық индексі – 70 бірлік. Ал, 100 г құрмада бұл индекс 45 бірлік болады. Құрма кәмпит және басқа тәттілерді оңай алмастыра алады. Сондықтан заманауи диетологтер артық салмақтан арылатындарға, сондай-ақ «салауатты тамақтануға» ауысқысы келетіндерге тәттілерді құрмамен ауыстыруға кеңес береді. Бұл ретте құрма өте қолайлы – оның құрамында лактоза мен глютен жоқ. Сонымен қатар, қазір көптеген кондитерлік дүкендер ұнтақталған құрма ұнынан жасалған торттар мен қант орнына құрма қосылған түрлі тәттілерді ұсынады. Дегенмен, қанттың жоғары мөлшерімен қатар, бұл жемісте инсулиннің индексі жоғары - 100-ден астам. Демек, қант диабетімен ауыратын адамдар құрманы жемегені абзал. Сондай-ақ, құрамында фруктоза көп болғандықтан, ісінуді тудыруы мүмкін, ішектерді тітіркендіреді және тіпті диареяға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан құрма асқазан жарасынан зардап шегетіндер үшін де қажет емес. Нутрицологтер құрма біздің көмірсу алмасуымызға қарапайым тәттілерден артық әсер етпейтінін айтады. Өйткені, біз әдетте қантты қасықтап жемейміз. Мысалы, егер сіз құрманы қантпен емес, сүт қосылған шоколадпен салыстырсаңыз, онда оның гликемиялық индексі қант сияқты 70 болады, бірақ көмірсулардың мөлшері шамамен екі есе көп, яғни көмірсу алмасуына келгенде шоколадты таңдаған жөн. Сол себепті, дәрігерлер көмірсулардың тәуліктік нормасынан аспау үшін құрманы қалыпты мөлшерде жеуді, мәселен ересек адамға күніне ары кетсе 10 құрма жеуді ұсынады. Қалай болғанда да, барлық дерлік маман – дәрігер, диетолог, нутрицолог, теолог әр нәрсенің шегі болуы керек дейді. Құрманы да көп жеу ағзаға зиян, ал орнымен пайдалану – ем.