Қазақстандықтар өз-өзіне кредит алуға тыйым сала алады

Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тартатындығы жөнінде өтініш қалдыра алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Енді eGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту жөнінде өтініш бере аласыздар. Яғни, бүгіннен бастап әрбір қазақстандық өз еркімен несие мен микроқарыз рәсімдеуге тыйым сала алады. Қызметке азаматтың тек өзінің өтініш беруге мүмкіндігі бар. Несие мен микроқарызды рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады, ол үшін банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет, - деп жазды министр.Б.Мусиннің айтуынша, бұл функция адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет. Яғни қазақстандықтар кредитті заңсыз ресімдейтін алаяқтардан қорғалады. Қазір дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның сайтында бар. Бірақ ол ақылы. Ал Электронды үкімет порталында кредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш тегін қабылданады. Қарыз алудан ерікті түрде бас тарту сервисі eGov.kz mobile мобильдік қосымшасының басты бетінде, «Танымал қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Осыған ұқсас қызмет eGov.kz порталындағы «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Экономика және қаржы» бөлімінде орналастырылған. Сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, Бірінші кредиттік бюроның және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында іске асырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Бұрынғы ғашығыңыз жолығуы мүмкін: 15 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жол жабылады
Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді