6 шілде Астана күні мемлекеттік мерекесі сенбіге сәйкес келіп тұр, сол себепті демалыс күндері дүйсенбіге ауысады. Шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады.Биыл Астана күні - 6 шілде сенбіге түсіп тұр. Сондықтан 6 шілде күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысады. Қазақстандықтар үшін 6, 7, 8 шілде күндері демалыс болады.Сонымен қатар 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілдеде, яғни сенбі-жексенбі күндері қазақстандықтар әдеттегідей демалады.Сондай-ақ осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл күндер атап өтіледі. 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Ұлттық домбыра күні9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні14 шілде – нотариат күні14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – балық шаруашылығы қызметкерлері күні21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) – Металлург күні28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) – сауда қызметкерлері күні