"Таза бейсенбі" жобасы жалғасын табуда. "AMANAT" партиясы қолға алған жаңа акцияға Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары да атсалысты. Туған жерді көркейту шарасына қатысқан ауыл халқы игі іске жұдырықтай жұмылды. Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданындағы орталық саябақты тазалау үшін 150-ден астам ауыл тұрғыны арнайы келген. Бірі шалғымен шөп шапса, енді бірі тал-теректердің түбін әктеп, тазалады. Қолға күрек ұстауға жарамды ауыл азаматтары туған жерді көркейту баршаға ортақ игі іс һәм перзенттік парызы екенін айтады. Сабырғали САМИЕВ, ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Бұл - үлкен шара, өйткені біз осы ауылда тұрамыз. Ауасын жұтамыз, суын ішеміз. Сондықтан да бізге ауылымыздың таза болғаны, көркейгені, күн сайын жақсарғаны өте маңызды. Азамат ТАҒАНИЯЗОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын табады деп есептеймін. Жыл бойы жалғасады деп есептеймін. Себебі біздің ауылымыз, біздің ортақ үйіміз. Ал Шығыс Қазақстандағы Таврия ауылының маңындағы табиғи қоқыс алаңдарынан тонналап қоқыс шығарылды. Одан әрі бұл аумақ абаттандырылып, ағаштар егіледі. Сайрангүл ЖҰМАДІЛДАЕВА, "АMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Негізі мақсатымыз - елімізде барлық табиғатты әсем ұстау. Одан кейін қоғамдағы вандализм көріністеріне жол бермеуге байланысты бірнеше жоспар жасадық. "Таза бейсенбі" жобасы Солтүстік өңірде де ұйымдастырылды. Мұнда да партия мүшелері, аймақ белсенділері мен еріктілер бірлесіп, облыстың түкпір-түкпіріндегі қоқыс алаңдарын тазалады. Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ СҚОФ ЖАСТАР РУХЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Таза бейсенбі акциясы бүгін бүкіл ел бойынша бастау алды. Әр апта сайын жүргізіліп отыратын болады. Жалпы облыс көлемінде қай жерде қатты қоқыстанған жерлер болса, біз соны барып, жүргізетін боламыз. Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Тазалық деп айтқанда әркімнің ең бірінші жүрегі таза болуы керек, сосын оның үйі, ауласы таза болуы керек. Сол уақытта көшесі таза болса, ол деген меніңше шама-шарқын патриот деуге болады ондай адамды. Аймақтағы игі шараға 800-ге жуық адам және ондаған бірлік техника жұмылдырылды. Бір күннің ішінде 100 тоннадан астам қоқыс жиналған.
Жаңалықтар
![Қайрат Нұртастың анасы: Екеуінің махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1584044/image.jpg.webp)
![ЕО Кеңесі жеті елдің бюджет тапшылығына қатысты тергеуді бастады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621224/image.jpg.webp)
![ШҚО-да көпірден өзенге сүңгіп кеткен ер адамның денесі табылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621206/image.png.webp)
![Қазгидромет "Аралға жаңбыр жауғызамын" деген Алтай Айнабектің әрекетіне пікір білдірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621201/image.jpg.webp)
!["Бір кеспе 8 секундта созылады" - Tiktok арқылы танылған лағманшы](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621202/image.jpg.webp)
![Көкшетаудағы нысандар құрылысының барысын тексерілді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621213/image.jpg.webp)
![Астанада әдепсіз қылық танытқан шетелдік азамат елден шығарылатын болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621185/image.png.webp)
![27 шілде күні жарыс жолына шығатын спортшылар. Кімдерден жүлде күтеміз?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621164/image.jpg.webp)
![Каспий су тұшыту зауытында жаңа қондырғы іске қосылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621153/image.jpg.webp)
![Челябі облысында бөгетті су шайып кетіп, 163 тұрғын эвакуацияланды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621148/image.png.webp)
![Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың 27 шілдедегі кестесі](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621156/image.jpg.webp)
![27 шілде күні жарыс жолына шығатын спортшылар. Кімдерден жүлде күтеміз?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621227/image.jpg.webp)
![Садақ атудан Қазақстан спортшыларының Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621102/image.jpg.webp)
![«Жағдайы ауыр»: Павлодарда аялдама жанында бойжеткенді көлік қағып кетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621126/image.png.webp)
![35 тонна. Қытайдан әкелінген құс еті қоқысқа тасталды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620854/image.jpg.webp)
![Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кеткен: іздеу жарияланды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620789/image.png.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619525/image.jpeg.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619526/image.jpeg.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619527/image.jpeg.webp)
![Су тасқыны: Үкімет бөлген ақша бизнестің тек үштен біріне жеткен](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619257/image.jpeg.webp)
![Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1007081/image.jpeg.webp)
![Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1554348/image.jpeg.webp)
![Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1553859/image.png.webp)
![Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1551928/image.jpg.webp)
![Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсіріп жатқанда аспаннан «Алла» деген жазу шыққан (ВИДЕО)](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621147/image.jpg.webp)
!["Болды, адам болмайды" деген": Актриса өлім аузынан қалған кезін еске алды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621074/image.webp.webp)
![Қазақстан құрамасы ту ұстаушыларының суреті қызу талқыланып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620788/image.jpg.webp)
![«Бозоқ» музей-қорығы ұлттық дәстүр мен ғұрып фестивальін өткізеді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620764/image.png.webp)
![«Ұшақтың ақауы себеп»: Астанада 387 жолаушы Вьетнамға жете алмай жүр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621166/image.png.webp)
![Қостанай облысында 29 жастағы жігіт бөгде әйелді бауыздап өлтірген](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621125/image.jpg.webp)
![Шымкентте 64 млн теңгені жымқырған бас есепшінің қаржыны қайда жұмсағаны белгілі болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1620826/image.png.webp)